Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы 1 млн доза вакцина сатып алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға қарсы 1 млн доза вакцина сатып алмақ

Қазақстанда тұмаудың дәстүрлі түрлерінің және өткір респираторлық вирустық инфекциялардың циркуляциясы қараша айының басында басталуы ықтимал, деп хабарлады мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.
           "Әдетте тымау циркуляциясы қараша мен сәуір айлары аралығында,биыл да аса өзгеріс бола қоймас", деді ол "Интерфакс-Қазақстанға".
           "Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы болған штамм құрамы биыл да болады деп болжануда, яғни H1N1, H3N2 және В үлгісіндегі тымау", деді ол.
           Биылғы маусымға денсаулық сақтау министрлігі тымауға қарсы бір миллионнан аса доза вакцина сатып алды, деп хабарлады А.Есмағамбетова.
           "Биыл халықтың әлсіз бөлігіне миллионнан аса вакцина алынбақ, былтырғы жылдардағыдай "Ваксигрипп". Биыл вакцина сатып алу конкурсы өтті. Енді оның аймақтарға жеткізілуін күтіп отырмыз, жеткізлген бойда, халықтың әлсіз бөлігіне егу шаралары тегін жүргізілмек.
           А.Есмағамбетова атап өткендей, биыл ол топқа қарт адамдар, созылмалы науқастармен қатар тұрмысы төмен адамдар, аяғы ауыр әйелдер және бір жасқа дейінгі балалар енген.
           Тымауға қарсы егу шараларын 1-қазан айынан бастау көзделген.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 774
Фото - Caravan.kz