ШЫҰ саммитінде бірқатар құжаттар бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШЫҰ саммитінде бірқатар құжаттар бекітілді

ШЫҰ саммитінде бірқатар құжаттар бекітілді

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары бүгінгі саммитте іс-қимылдар жоспарын, Бішкек декларациясы мен ғылыми-техникалық салада ынтымақтастық орнату туралы келісімдер бекітті.
           Жұма күні Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан президенттері 2013-2017 жылдары Ұзақ мерзімдік тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісімшартты жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдар жоспарына қол қойды.
           Сонымен қатар, президенттер Бішкек декларациясы мен Мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қорытындысы туралы ақпараттық хабарламаны бекітті.
           Кездесу соңында ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтері арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 406
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ, Бішкекте өткен саммитте ШЫҰ-на мүше елдер басшылары ақпараттық кеңістіктегі мінез-құлық ережелерін әзірлеу қажеттігін атап өтісті.
           Кездесу соңында қабылданған бішкек декларациясында ШЫҰ мемлекет басшылары «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ШЫҰ елдерінің саяси, экономикалық және қоғамдық қауіпсіздігін бұзу үшін мақсатында қолдануға, ғаламторда терроризм, экстремиз мен сепаратизм идеяларын насихаттауға қарсы күресу» міндетін өз мойындарына алды.
           «ШЫҰ мүше мемлекеттер біздің елдердің ақпараттық кеңістіктегі әмбебап мінез-құлық нормалары мен қағидаларын әзірлеу қажет деп есептейді», — делінген құжатта.