Жамбыл облысына Қырғызстаннан 20 тонна ет өткізу әрекеті тойтарылды
«Мерке» бақылау-өткізу бекетінің «Сыпатай баты авто» шекаралық бақылау жасағы бүгін Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған «Вольво» көлігін тоқтатты, деп Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
Жүк көлігінен үстіне алхорымен жабылған 20 тонна контарабандалық құс еті табылды.