Алматылықтар енді қоғамдық көлік бағыттарын арнайы картадан біле алады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар енді қоғамдық көлік бағыттарын арнайы картадан біле алады

Алматылықтар енді қоғамдық көлік бағыттарын арнайы картадан біле алады

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына енді қоғамдық көліктердің бағыттарын сұрап әуреленудің қажеті жоқ. Қай автобустың қайда баратынын аялдамалардағы арнайы карталардан білуге болады. Бұндай тамаша мүмкіндікті «РТС Деко» компаниясы жасап отыр. Естеріңізде болса, аталмыш мекеме қаладағы тозығы жеткен бар аялдамаларды түгел қалыпқа келтіріп жатқанын айтқанбыз.

  • 14 Қыркүйек 2013
  • 295
Фото - Caravan.kz

Қажетті, әдемі әрі сапалы аялдама. Бұл «РТС Деко» компаниясының алматылықтарға қала күніне орайластырған тосын сыйы. Мұнда жайлы орынмен қоса әр жолаушыға керекті ақпарат ілінуде. Яғни мегаполисте емін-еркін жүріп, бағытынан адаспаудың амалы.

Айнұр Дайрабаева, Алматы қаласының тұрғыны:

Бізге мына жаңа аялдамалар ұнайды. Өте ыңғайлы. Автобустардың бағытын көрсетіп тұрған тақтайша бар. Айналасы өте таза.

Алматының кішігірім картасы енді жаңартылып біткен барлық аялдамаларға орнатылмақ. Тақтайшада діттеген нүктеңізге барар қоғамдық көліктің нөмірі, жүру қашықтығы да көрсетілген. Тағы бір айта кететін жайт, әрбір аялдамадағы темір орындықтардың орнына ағаш сәкілері қойылыпты.


Аида Асанова,
«РТС Деко» АҚ техникалық директоры:

— Биыл қала әкімінің ұйғарымымен «Көлік жылы» деп бекітілді.Осы шара аясында бірқатар жұмыстар жасалды. Біздің компания аялдарамларды талапқа сай қылып салу үшін аянбай жұмыс істеуде. «РТС Деко» қаланы көріктендіру жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек.

Осылайша жауаптылар жаңа енгізілген нұсқаушы құрал қала тұрғындарына да, келушілерге де өз септігін тигізер деп күтеді. Ал аялдама тазалығын арнайы бекітіліп бөлінген бригада қадағалайтын болады.