Алматы облысында оқушылар оқу ордасына жете алмай, сабақтан қалуға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында оқушылар оқу ордасына жете алмай, сабақтан қалуға мәжбүр

Алматы облысында оқушылар оқу ордасына жете алмай, сабақтан қалуға мәжбүр

Қиындыққа толы мектепке дейінгі жол. Алматы облысында оқушылар оқу ордасына жете алмай, сабақтан қалуға мәжбүр. Іле ауданында жаңа оқу жылында қолданысқа берілген мектепке дейін бару үшін балалар тоғанды кешіп, шаңның арасымен екі шақырымды жаяу жүруі тиіс. Ал сабаққа кір-қожалақ болып баруға ешкімнің зауқы жоқ. Жергілікті әкімдік болса автобус тауып беру міндетіміз емес, сабаққа қалай жету әркімнің өз мәселесі деп отыр.

  • 14 Қыркүйек 2013
  • 525
Фото - Caravan.kz

Мектеп тұрғызып, жолды ұмытқан. Алматы облысындағы Жомарт ауылының тұрғындары балаларының жаңа оқу ордасына дейін жете алмай жүргеніне наразы.

Жаңабай Таубаев, Жомарт ауылының тұрғыны:

Жолымыз жоқ, шаң-тозаң. Көпір жоқ сосын. Ортада бір көл бар. Сол көлден өту біздің балалар үшін үлкен қиыншылық тудырады.

Бастапқыда саяжай, кейін тұрғындары қысы-жазы тұрақтаған елді-мекенде қазір 2 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Биылғы оқу жылына дейін мектеп жасындағы балалар жақын ауылдарға барып білім алуына тура келген. Ол үшін арнайы автобустар да бекітіліпті. Бірақ іргеден жаңа мектеп ашылғанда жұртқуанғанымен, онысы ұзаққа бармады. Екі шақырым жердегі білім ошағына жету үшін балалар тобықтан шаң, тізеден тоған суын кешуге мәжбүр.

Раиса Жақсыбаева, Жомарт ауылының тұрғыны:

Балалар барады, үйден шығады да шалбарының балағын тізесіне дейін түріп алады. Балық аулайтындай түріп алады. Мектепке барады, бірақ ақ көйлдегі қара кір боп келеді. Қайтарда тағы да түріп алады да көк шаңмен келеді.

Үш қабатты мына мектепте қазір 1600 жуық бала білім алса, оның үштен бірі «жомарттықтар». Басшылық бұл мәселемен таныс болғанымен, қолдан келер пәрмен жоқ деп отыр. Сондықтан балалардың қауіпсіз келіп-кетуін ата-аналардың өзіне жүктеген.


Қали Бекетай, директорының орынбасары:

Балалардың келіп-кетуі, тасымалы негізі аудан есебінде жоқ. Қазірге ата-аналарға жүктеліп отыр. Болашақта шешімін табады деп отырмыз.

Жергілікті билік оқушылардың тасымалы үшін көлік бөлуге негіз жоқ дейді. Себебі талап бойынша қашықтық 3 шақырымнан асуы қажет екен. Ал тоған үстімен өтетін жол келер жылы ғана толық жөндеуден өтпек. Оның өзінде тек жартысы ғана.

Қанатбай Бұғабаев, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары:

Саяжай басшылығымен бірге жолға қиыршық тас төселуде. Себебі балалардың аяғына шаң жұқпау керек. Күзде жауын басталады, сол кезде балалар үстін бүлдірмей барып-келу қажет. Бұл уақытша қиындық, мәселе шешіледі.

Жолдан өзге өркениеттен айырылған «жомарттықтар» жарық пен медпунктке де жарымай отыр. Бірақ әкімдік бұл мәселелерді шешуге қауқарсыз. Бұл мақсатқа жақын маңайда ақша бөлінбейді екен.