Ал биыл іргелі ұйымның кезекті отырысын қабылдау Бішкекке бұйырды. Осындай мәртебеге ие болған Қырғыз басшысы меймандарды қарсы алуда. Жылы шырай танытып, әріптестерімен амандасып жатыр. Бірақ Путин кіріп келгенде, қатты қуанған Атамбаев халықаралық протоколдың ережесін бұзып, құшақтаса тіпті төс қағыстыра сәлемдесті. Жаймашуақпен басталған алқалы жиында өңірлік қауіпсіздік, лаңкестік, заңсыз есірткі тасымалдау, Ауғанстандағы жағдай мен өзара экономикалық байланыс мәселелері талқыланды. Самитте Сириядағы қақтығыс ескерусіз қалған жоқ. Ұйымға мүше алты мемлекет он шақты бақылаушы елдер Дамаскінің химиялық қаруды халықаралық қауымдастыққа өткізіп, кейін көзін жою туралы Ресейдің бастамасын бірауыздан құптады. Бірақ АҚШ бұл ұсынысқа нақты жауабын берер емес. Десек те, Шанхай ынтымақтастық ұйымы соғысты болдырмауға атсалыспақ.