“Прайм Плаза” сауда орталығында болған қақтығысқа қатысты тағы 2 қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Прайм Плаза” сауда орталығында болған қақтығысқа қатысты тағы 2 қылмыстық іс қозғалды

“Прайм Плаза” сауда орталығында болған қақтығысқа қатысты тағы 2 қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы “Прайм Плаза” сауда орталығында болған қақтығысқа қатысты тағы 2 қылмыстық іс қозғалды. Айыпталып жатқандар қатарында сауда орталығы басшысы да бар. Ал басқа күдіктілер кәніларын толық мойындаған. Бірақ қамауда жатқан 10 адамның туыстары тергеушілердің ұлдарын ұрып-соғып айыптарды мойындарына күшпен іліп жатқанын айтып ашынды.

  • 14 Қыркүйек 2013
  • 462
Фото - Caravan.kz

Қаланы қас қағым сәтте басына көтерген қақтығыстың басы болатын бұл. Караоке сайысының соңында 10-ға жуық ән айтуы тиіс Қайрат Нұртас бір әнін аяқтамай кеткенінде жиналған жұрт жұдырыққа жүгінген. Алғашында 165 адам құрықталды. Бұзақылық бабымен іс қозғалған, енді оған тағы 2 қылмыстық іс қосылды. Бірі ұрлық, екіншісі қақтығыс кезінде көлік айдап кеткендерге қатысты. Қазір айыбы айғақталып тергеу абақтысына айдалған 10 адам бар. Бірақ тергеушілер кінәні күштеп мойындатты дейді ашынған ағайын-туыс.

Нағима Сембаев, күдіктінің анасы:

— Баламның бет-аузы көк ала қойдай. Сараптамаға апарды, адвокат тексерді. Бұрынғы ұрған-соққан нәрселері бетінде бар. Сол 257 баптың 1 тармағын алып тастап 3 ші тармағын қойып тұр. Топ дейді оның қасында ешкім болмаған.Балам ертеңіне сөйлескен кезде айтты менен тергеуші ақша сұрады 2 мың доллар деп. 257 баптың 1 тармағын қойып отыр деді. Менің оған беретін ақшам болмады.

Бұл 18 жастағы айыпталушылардың бірі Абай Ғарифоллаевтың анасы. Әкесінен ерте көз жазған жігіт Алматыдағы құрылыс колледжінің студенті екен. Қазір Абай мен басқа 9 азаматтың ісін арнайы құрылған тергеу тобы майшаммен қарауда. Бас-аяғы 4 қылмыстық іс қозғалған. Осы қақтығысқа қатысты тағы 20 адамның ісі қаралуда. Оларға да жуырда айып тағылуы мүмкін. Әзірге барлығы сүттен ақ судан тазамыз депті.


Ермек Болтаев, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

— Олар Қайрат Нұртастың концертіне келдік сол жерде Қайрат Нұртас 1 ән айтып кетіп қалғасын көрермендер арасында шу басталды арты төбелеске айналды. Төбелестің соңы көшедегі кейбір машиналарды сындырып қиратумен жалғасты. Біз артында кетіп бара жатқанбыз соған тап болдық деп айтып отыр.

Жиырма адам қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартыла ма, жоқ па жуырда шешілмек. Ал айыбын мойындаған 17 мен 30 жас аралығындағы 10 азамат 3 жылдан 7 жылға дейін түрмеге тоғытылуы мүмкін. Оған қоса ісіне салғырт қарағаны үшін “Прайм Плаза” сауда орталығының басшысына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Ал әнші Қайрат Нұртас жазаға тартылмайтын боп шешілген.