Алматыда жасөспірім балалар мен қыздар арасында III Еуразиялық спорт ойындары басталды. Жексенбі күні басталған жарыстар қыркүйектің жиырмасына дейін жалғаспақ.
Жарысқа 13 пен 17 жас аралығындағы мыңнан астам спортшы қатысады. Онда Қазақстаннан 297, Ресейден 288, Қырғызстаннан 175, Тәжікстаннан 106, Белоруссиядан 100 спортшы бақ сынайды.
Сайыс барысында барлығы 230 медаль жиынтығы ойнатылады.
Спорттың 13 түрінен өтетін жарыстарды Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Орталық стадион, «Достық» кешені сынды тоғыз спорт нысаны арқылы тамашалауға болады.
Еуразия экономикалық қоғамдастығы негізін қалаған Ойындардың ең біріншісі 2007 жылы Брест қаласында, 2010 жылы Казаньда өткен болатын.