Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов өзінің балалық шағы мен өмірлік сабақтары туралы естеліктерге жеке кітап арнамақ.
«Мен жарқын балалық шақ кештім. Балалық шақ адамға қанат бітіріп, кіршіксіз ойға, таза достыққа сенуге көмектеседі. Сондықтан мен осы ойларымды оқырмандармен бөліссем деймін», — деп президент Жапонияға ресми сапардан Ашхабатқа оралған кезде ұшақ бортында Түркіменстан мемлекеттік ақпараттық қызметіне мәлімдеді.
Оның айтуынша, кітапта оның өмірінде болып жатқан оқиғалар негізге алынады. «Бұл мәселеде маған әкем Мялыкұлы Бердімұхамедовиың көмегі көп. Маңызды өмірлік мәселелерде мен үнемі онымен кеңесемін. Ол маған әке ретінде де, ұстаз ретінде де көмектеседі, осы үшін мен оған разымын», — дейді президент.
Г.Бердімұхамедов алысқа ұшқан кезде шығармашылық жұмыс үшін жақсы мүмкіндік туындайтынын айтады.