Агенттік төрағасының айтуына қарағанда, 2011 жылы ірі ұялы байланыс операторларына қатысты талдау жүргізілген болатын. Аталмыш жұмыстар толық аяқталып, елдегі қызмет көрсететін ірі операторларды доминанттар тізіліміне енгізу жөніндегі шешім қабылданған. Алайда, бұдан кейін операторлар ол шешіммен келіспей, сотқа шағымданды. Өйткені, доминанттар тізіліміне енгізгеннен кейін, олардың тарифтерін мемлекет өз тарапынан реттеуге кірісуге тиіс еді. Қазіргі күні сот ісі аяқталды», — дейді Болатбек Қуандықов. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда тиісті салалық министрлік, сот шешіміне сәйкес, сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады.
«Содан кейін интерконнект бойынша ұялы байланыс тарифін түсіруге бізде мүмкіндік болады. Ресейде бұл теңгемен есептегенде минуты 4 теңге 40 тиын болса, көршілес Қырғызстанда — 7 теңге 30 тиын, Өзбекстанда — 1 теңге 30 тиын. Ал Қазақстанда — 13 теңге. Яғни, айырмашылық әжептәуір. Сондықтан сараптама жұмыстары аяқталғаннан кейін, көршілес Ресейдегі секілді 4-5 теңгеге дейін төмен түсіруге болады. Сонда тарифтің де бағасы түсетіні сөзсіз», — деді агенттік басшысы.