Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды

Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды

Бүгін Алматыда IX Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды. Дәл осы сағаттарда «Республика» сарайы алдында дәстүрлі қызыл кілем жайылып, меймандар мен отандық кино жұлдыздарды қарсы алып жатыр. Биыл фестивальдің бас жүлдесі үшін 12 картина таласқа түседі. Соның біреуі қазақ режиссері - Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 284
Фото - Caravan.kz

Жалпы биыл фестивальге қатысуға 30-дан астам елден, 170-ке тарта картина қатысуға үміт білдіріпті. Бірақ іріктеуден соның тек 12-сі ғана өткен. Олардың қатарында бұрын «Еуразия» байқауына тұңғыш келіп отырған Сингапур, Сауд Арабиясы және Иран сынды елдердің туындылары бар. Сұрыптаудан өткізу құзыреті биыл Жаңа Зеландиялық әйгілі әйел режиссер – Джейн Кэмпион мен «Глодиатор» фильмінің сценаристі әрі продюсері — Дэвид Францони бастаған кино шеберлерге беріліп отыр. Ал осы жолғы сынаққа қазақ атынан режиссер Серік Апрымовтың «Бауыр» атты жалғыз катинасы түсуде. Фестиваль 20-шы қыркүйекте мәресіне жетеді.


Джейн Кэмпион, «Еуразия-2013» фестивалі қазылар алқасының төрайымы:

— Сайысқа түсетін әрбір туындының мазмұнына мен түсірілім техникасына басты назар аударатын боламын. Сондықтан өзгелермен көзқарасым әр тұста сәйкес келмей жату да мүмкін. Үздік картина жан-жағынан да озық болуы тиіс. Бұрын қазақ фильмін көрмеппін. Бірақ өнерлеріңізбен танысуға әзірмін.