«Қазақстан өнеркәсіп құрылыс компаниясының» жарты жылдан бері маңдай термен тапқан ақшаларын ала алмай жүрген жұмысшылары әбден ызалы. Ірі зауыттардың тапсырысын әзірлейміз деп, бел жазбай еңбек еткендер бүгін жұмысқа шығудан бас тартты. Алданған 120 адамның арызданып бармаған жері жоқ. Енді прокуратура мен еңбек департаменті араласып, жалақы бойынша 16 млн теңге берешекті қайтартқызамыз, деп отыр. Алайда кезекті уәдеге жұрттың сенгісі жоқ.