Астанада құбыр жарылып, бүкіл сол жағалау сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада құбыр жарылып, бүкіл сол жағалау сусыз қалды

Астанада құбыр жарылып, бүкіл сол жағалау сусыз қалды

Астанада құбыр жарылып, бүкіл сол жағалау сусыз қалды. Апат жерасты электр жүйесін жөндеу кезінде болған.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 264
Фото - Caravan.kz

Құбырдан атқылаған судың екпіні күшті болғаны соншалықты санаулы минуттың ішінде үлкен даңғыл көлге айналды. Салдарынан жаяу адам түгілі көлік қозғалысының өзі қиындады. Бұл Елордадағы шенеуніктер мен ірі кәсіпкерлер тұратын аудан болғандықтан, жұмысшылар жолды бойлаған суды шұғыл сорып алыпты. Дегенмен, жауаптылар қанша тырысқанымен элиталық ауданның тұрғындарына бір күнін тіршілік нәрінсіз өткізуге мәжбүр. Сондай-ақ, жақын маңдағы мектеп, балабақша мен ауруханалар да таңертеңнен бері шөлдеп отырғандарын айтады. Ал, Астана су арнасы әлеуметтік нысандарға су жеткізіп үлгере алмауда.


Әлия Тәліпова, Астанадағы №53 балабақшаның тәлімгері:

— Бүгін міне, сағат 11-30 бастап су жоқ. Асханадағы қыздар қиналып жатыр, топтарда тазалық сақтау керек.Әжетханаға бару керек, олар өздері шаяды. Сондықтан осылай қиналып жатырмыз.