Шығыс Қазақстанда шағын ЭКСПО көрмесі өткізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда шағын ЭКСПО көрмесі өткізілмек

Шығыс Қазақстанда шағын ЭКСПО көрмесі өткізілмек

2014 жылы Шығыс Қазақстанда Мемлекет басшысының келісімімен шағын ЭКСПО көрмесі өткізілмек. Облыс басшысы Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы, Алтай аймағынан келген делегация мүшелерін осы көрмеге қатысуға шақырды.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 396
Фото - Caravan.kz

Себебі, оларда бұл жөнінде тәжірибе бар, Қытайда да осындай көрмелер бұған дейін өткізілген.

Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы, Алтай аймағының басшысы Талғат Үйсін өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің айтқан барлық ұсыныстарын, оның ішінде шағын ЭКСПО өткізу жөніндегі бастамасын толығымен қолдайтынын, соларды іске асыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге ықыласты екенін жеткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сонымен бірге ол екі шекаралық аймақтың экономикалық дамуында өзара ұқсастықтар көптігін атады. Әсіресе, техникалық құрал-жабдықтар жағынан алыс-берісті күшейтуге, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдауға әбден болады. Шекараға жақын Жеменей ауданында көкөніс сақтауға болатын ірі қоймалар салынған. Дәл сондай қоймаларды Майқапшағай жағына да тұрғызуға мүмкіндік бар.

Талғат Үйсін жақында Алтай аймағында басталатын ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шығысқазақстандықтарды қатысып қайтуға шақырды.