Соңғы 10 жылдың ішінде мұнай бағалары үш еседен жоғары өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы 10 жылдың ішінде мұнай бағалары үш еседен жоғары өскен

Соңғы 10 жылдың ішінде мұнай бағалары үш еседен жоғары өскен

Қазақстанда жеңіл өндірілетін мұнай кезеңі аяқталуға жақын. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин атап өтті.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда жеңіл өндірілетін мұнай кезеңі аяқталуға жақын. Кен орындарын іздестіру мен игерудің бүгінгі үдерісі белгілі жағдайлардың күрделенуіне, барлық шығыс түрлерінің өсуіне байланысты болып отыр», — деді министр.

Оның атап өтуінше, жалпы алғанда әлемдік мұнай бағалары өсуге бейім. Соңғы 10 жылдың ішінде мұнай бағалары үш еседен жоғары өскен. Әлемдік рецсессия басталған 2008 жылдан бері екі есеге артқан.

«Бұл үдерістер мұнай өнімдері мен мұнай химиясының құнына әсерін тигізіп отыр», — деді Ұ. Қарабалин.

Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын тиімді басқару және шикізат секторынан түскен табыстарды пайдалану тұжырымдамасын таныстырған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин аталған құжат жобасының 8 басым мақсатын атады.

Министрдің атап өтуінше, бірінші мақсат табиғи ресурстарды одан әрі зерттеу, жаңа кен орындарын іздеу мен оларды есепке алу болса, екіншісі жоғары әлемдік сұранысты мемлекет мүдделерінде пайдалану үшін табиғи ресурстарды өндірудің және оларды әлем нарығына шығарудың қарқынын арттыру болып саналады.

«Үшіншісі — ішкі нарықты жаңа экономикалық стандарттарға сәйкес отандық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету. Төртіншісі — шетелдік инвестицияларды шиікзатты өндіру мен қайта өңдеудің заманауи технологияларына қолдану, сондай-ақ жаңа өндірістерді құру шартымен ғана тарту үшін жағдай жасау», — деді ол.


Ұ. Қарабалиннің атап өтуінше, бесінші басым мақсатта балама энергия түрлерінің өндірісін дамыту қарастырылады. Ал алтыншысында өндіруші кәсіпорындардың тек қана экологиялық зияны жоқ өндірістерді енгізуі көзделеді. Жетінші мақсатта көмірсутек шикізатының стратегиялық қорын құруға басымдық беріледі. Ал соңғы басым мақсатта шикізат секторынан түскен табыстарды оңтайлы басқару қарастырылады.