Биыл 89 жасқа келген француз әншісі және композиторы Шарль Азнавур ешқашан әндерін нақты бір әйелге арнамағанын, оны туындылары барша нәзік жандарға арналғанын айтады.
«Мыңнан астам әндерімнің ішінде нақты бір әйелге арналғаны жоқ. «Мен махаббат туралы ән жазғанда ол әлемдегі әрбір әйелге арналады. Менің отбасы құрғаныма 47 жыл болды, ешқашан да әйеліме арнап ән жазбаппын», - деп ол бүгін Алматыда тоғызыншы "Евразия" халықаралық кинофестивалі шеңберінде өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Шансонье жасына қарамастан көп сапар шегетінін, өйткені жаңа нәрселерді көргенді жақсы көретінін, жаңа адамдармен кездесу ішкі жан дүниесін байытатынын атап көрсетті.
Шарль Азнавур өзін «жүлдыз» деп есептемейтінін айтады. «Мен әлемнің түрлі елінде жай жұмыс істейтін әртіспін. Мен әр күнімді бақытты өткіземін, бақытты отбасымнан, жұмысымнан табамын», дейді ол.
Әншінің әртіспен өмір сүргеннен қиын ештеңе жоғын айтады.
Кинофестиваль шеңберінде "Қазақфильм" киностудиясы Ш.Азнавурды әлемдік кинематографияға қосқан үлесі үшін сыйлықпен марапаттады.