Қызылорда облысында әкімдердің рейтингілері шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында әкімдердің рейтингілері шығарылды

Қызылорда облысында әкімдердің рейтингілері шығарылды

Қызылорда облысында 2012 жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің қорытындылары бойынша аудандардың рейтингілері шығарылды. Бұл туралы облыстық әкімінің аппарат жиналысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Сәуле Құлымбетова хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 454
Фото - Caravan.kz


Аудандар мен облыс орталығы дамуының рейтингісі әлеуметтік-экономикалық өсім қарқыны және аймақтың есепті кезеңдегі даму деңгейі деп аталатын негізгі екі көрсеткіш бойынша түзілген. Рейтинг нәтижесі бойынша облыстың 8 аймағының 6-ы орта-жоғары категорияға енсе, 2 аймақ көрсеткіштері төменгілер қатарында қалды. Дамудың оң ырғағы Қызылорда қаласында айрықша көрінді. Оның 23 көрсеткішінің 10-ы бойынша қала бірінші орыннан табылды.

Сөйтіп, топ басын Қызылорда қаласы бастады. Екінші орынға Сырдария ауданы шықса, үшінші орын Шиелі ауданына тиесілі болды. Бұдан ары Жаңақорған және Қармақшы аудандары орналасты. Алғашқы алтылықты Жалағаш ауданы тұйықтады. Ал даму қарқыны төмен аудандарға Арал және Қазалы аудандары жатқызылды. Дегенмен, тұтастай алғанда, қазір Қазалы, Арал, Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімдеріне жұмысты күшейту керек. Осы жайлы атап өткен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барлық аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне жаңа тапсырмалар жүктеді.