Айта кетерлік тағы бір жаңалық, Орталық армияшылар спорт клубы биылғы «Алтын мергенге » өз алдына жеке команда қойыпты. Жарыс бағдарламасына енген он алты жаттығудың он бірі олимпиадалық сынақ болып табылады. МВ-5 маркалы мылтықтан сынға түскен әйелдер бәсекесінде өзбекстандық Сақина Мамедова жеңіске жетті. Ал жылжымалы нысананы көздеуде Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері өзгелерге дес бермеді. Ерлер арасында Бахтияр Ыбыраев топ жарса, әйелдер бәсекесінде Наталья Гурова мергендік танытты. 5-ші маркалы пневматикалық мылтықтан оқ атуда павлодарлық Юлия Дришлюк, ал 6-шы маркалы қарудан нысана көздеуде алматылық Владимир Исаченко жеңімпаз атанды. Дәстүрі «Алтын мерген» турнирі алдағы жексенбіге дейін жалғасады.
Осы күндері Словенияда баскетболдан европа чемпионаты өтуде. Топтық кезеңнің соңғы айналымында Грекия құрамасымен кездескен Хорватия командасы жеңісті тойлады.
Алғашқы минуттан алма кезек шабуылдаған қос команда лайықты ойын көрсетті. Кездесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Овертаймда да шапшаң ойын көрсеткен баскетболшылар жанкүйерлер көңілінен шыққаны анық. Тек соңғы секундттарда жеңіске жақын болған Грекия Хорватияға 92:88 есебімен жол берді. Fтобынан Хорватия мен Словения плей-офф бәсекесіне жолдама алды. Ал Грекия мен Финлияндия еуропа чемпионатынан тыс қалды.