Қызмет орындарына еркін кіріп-шығудан қалған зағип жандар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызмет орындарына еркін кіріп-шығудан қалған зағип жандар шу шығарды

Қызмет орындарына еркін кіріп-шығудан қалған зағип жандар шу шығарды

Алматыда зағип жандар шу шығарды! «Қазақ соқырлар қоғамының» кәсіпорнында қызмет қылып жүрген жарымжан азаматтар есіктерінің алдында терең шұңқыр қазылғалы еркін кіріп-шығудан қалған. Оның үстіне мекеме өткен айдан бері сусыз қалып отыр.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 386
Фото - Caravan.kz

Мұнда 60-қа жуық зағип жұмыс істеп, нәпақасын табуып жүр. Бірақ соңғы уақытта кір қыстырғыш, қолғап секілді керек-жарақ шығаратын кәсіпорынның жұмысы біраз бәсеңсіп қалған. Өйткені, мекемедегі жылу жүйесін ауыстырамыз деген жұмысшылар дәл цех алдында ұзындығы 150 метрлік терең шұңқыр қазып тастапты. Бірақ айға жуық уақыт өтсе де, құрылыс сол күйі аяқсыз қалған. Құбырды жаңартудан күдер үзген зағиптар енді қазылған арықты бітете алмай зар илеп жүр. 


Раушан Рысқалиева, «Қазақ соқырлар қоғамы» оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры:

— Суық су болса да біздің территорияда су жоқ. Биыл осыны бітіре ме деп едік, көріп тұрсыздар ғой подрядчиктер жұмыс істемейді. Егер қыс ерте келетін болса тағы жылусыз, сусыз қаламыз.