Алматыда құрылыс краны құлап, көшедегі көлікті басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құрылыс краны құлап, көшедегі көлікті басып қалды

Алматыда құрылыс краны құлап, көшедегі көлікті басып қалды

Алматыда құрылыс краны көшеге құлап, жол үстіндегі көлікті басып қалды. Салдарынан бір адам өліп, тағы біреуі ауыр жараланған. Кран тізгініндегі азамат ауруханада ес жимастан бақилық болса, жеңіл көлік жолаушысының өмірі үшін дәрігерлер күресуде.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 322
Фото - Caravan.kz


Оқиға бүгін таңертен орын алған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, құрылыс алаңында жүк тасымалдаған кран салмақты шамадан тыс асырған көрінеді. Сондықтан бастапқыда бір жаққа қисайып, кейін жерге құлапты. Жол үстінде болған көліктердің бірін басып қалған ауыр техника, электр желілерін де үзді. Айта кетерлігі, құрылыс алаңының келесі жағында төрт қабатты кеңсе орналасқан. Егер кран сол жаққа құласа апат салдары ауыр болуы әбден мүмкін еді.