Қазақстанда тұңғыш рет онкогематология мен сүйек кемігінің трансплантациясы бойынша Еуропалық конгресс өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұңғыш рет онкогематология мен сүйек кемігінің трансплантациясы бойынша Еуропалық конгресс өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет онкогематология мен сүйек кемігінің трансплантациясы бойынша Еуропалық конгресс өтеді

Қазақстан Республикасында тұңғыш рет 19-22 қыркүйек күндері онкогематология мен сүйек кемігінің трансплантациясы бойынша Еуропалық конгресс өтеді.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 613
Фото - Caravan.kz

Конгресс аясында Раиса Горбачеваны еске алу құрметіне «Ересектер мен балаларда гемопоэтикалық бағаналы жасушаларының трансплантациясы» деген тақырыпта халықаралық VII симпозиумын өткізу жоспарланып отыр.

20 қазанда симпозиумның ашылуы аясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусинов, И.П.Павлов атындағы СпбГМУ (Ресей) ректоры, академик Сергей Багненко және өзге де қатысушылар сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Қазақстан Еуропа елдері, АҚШ, Бразилия, Израиль, Түркия және ТМД елдерінен келген қонақтарды қабылдайды. Барлығы 120 халықаралық қатысушы болады.