«Біз енді ілкі негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз. Оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы 2-3 күн қажет болады», — деді Чарльз Хэндри.
Бүгінде 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырып, олардың 10-ы визаларын алған.
«Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, мерзімдер шектелмеген. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық — қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады, оны Air Astana компаниясы жүзеге асырады. Көптеген бағыттар бойынша өрлеу жүріп жатқанын көріп отырмыз», — деді британдық Үкімет басшысының өкілі.