Соңғы 50 жылда мұнай-газ саласына шамамен 20 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы 50 жылда мұнай-газ саласына шамамен 20 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды

Соңғы 50 жылда мұнай-газ саласына шамамен 20 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды

Соңғы 50 жылда мұнай-газ саласына шамамен 20 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы 160 млрд. доллар шетелдік тікелей инвестиция тартылды. Соның ішінде 60 млрд. доллар мұнай-газ саласына. Соңғы 50 жылда мұнай-газ саласына шамамен 20 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды», — деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар соңғы 20 жылда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге артып, 80 млн. тоннаға қол жеткізілді.

«Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 17-ші орындамыз. Ал газ бойынша 5 есеге артып, 40 млрд. текше метрге жетті. Әлем бойынша 29-шы орындамыз»,-деді Ұ. Қарабалин.