«Нұр Отан» вице-министр С.Шаяхметовтің жемқорлық ісіне қатысты өз үкімін шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» вице-министр С.Шаяхметовтің жемқорлық ісіне қатысты өз үкімін шығарды

«Нұр Отан» вице-министр С.Шаяхметовтің жемқорлық ісіне қатысты өз үкімін шығарды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мәжілісінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовті партия қатарынан шығару туралы шешім шығарылды.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 359
Фото - Caravan.kz


Бұдан бұрын хабарланғандай, Өскемен қаласында 700 адамға арналған оқу орнын салу барысында 1,5 млрд. теңге ұрланған болатын. Осыған байланысты қаржы полициясы бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұған ҚР БҒМ вице-министрінің қатысы бар деген күдікпен С.Шаяхметов ұсталып, үй қамағына алынды. Бүгінде тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы шешімді сот шығарады. Алайда оған қарамастан, бүгін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі бюросының мәжілісінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов партия қатарынан шығару туралы шешім бірауыздан қабылданды. Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбековтің айтуынша, мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталса да, оны партия қатарынан шығару туралы шешімді шығаруға болады. «Ол бүгінгі шешімге қарсылық білдіріп, өтініш жазса да болады», — деп атап көрсетті Б.Рақымбеков.