Экс-депутат Бақыт Сыздықова «Нұр Отан» партиясынан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-депутат Бақыт Сыздықова «Нұр Отан» партиясынан шығарылды

Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақыт Сыздықова алған қарызын қайтармағаны үшін «Нұр Отан» партиясынан шығарылды. Партияның Facebook желісіндегі парақшасында осылай деп жазылған.
           Хабарламаға қарағанда, партия 2008 жылдың 12-қарашасында Б.Сыздықованың «Қазақстанның болашағы үшін» атты қозғалысына қаржылай көмек ретінде 7 млн теңге бөлген.
           Келісімшарт бойынша экс-депутат қаржыны 2009 жылдың 1-қаңтарына дейін қайтаруы тиіс болатын. Ал, дер кезінде қайтармаған жағдайда әр күн үшін қарыздың 0,1%-ы көлемінде өсімақы төлеуі тиіс. Сондықтан қазір оның қарызы 15 млн теңгеге жуықтаған көрінеді.
           Бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан,  қарыз қайтарылмағандықтан бұл мәселе биылғы аудит барысында көтерілген болатын, делінген хабарламада.
           Сонымен қатар, отырыста бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовті де партия қатарынан шығару туралы шешім қабылданды.
           2013 жылы 29-сәуірде Өскеменде мектеп салу үшін бөлінген 1,5 млрд теңгені талан-тараж етті деген айып негізінде С.Шаяхметовтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазір ол үй қамағында отыр, қылмыстық іс тергеліп жатыр.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 464
Фото - Caravan.kz