Қазтеміртранс Қазақстан мен Түркия арасында жүк тасымалдай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазтеміртранс Қазақстан мен Түркия арасында жүк тасымалдай бастады

"Қазақстан темір жолы" компаниясының еншілесі "Қазтеміртранс" АҚ Қазақстан мен Түркия арасында тікелей жол қатынасын ашты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
           Қазақстан-Түркия маршруты бойынша жүк вагондарының бірінші партиясы 29-тамыз күні теміржол паромы арқылы грузиндік Поти кемежайынан түріктің Дериндже (Ыстамбұл) кемежайына "Герои Шипки" кемесі арқылы жөнелтілді, делінген хабарламада.
           Деринджеден 14-қыркүйек күні халық тұтынатын тауарлар тиелген "Қазтеміртранс" вагондары паром арқылы Потиге келді.
           "Қазтеміртранс" жетекшісі Қанат Әлмағамбетов атап өткендей, бұл жобаға "Укрферри" компаниясы (Қара теңіздегі ірі украиналық паром тасымалдаушысы), Bati Rail (түрік көлік тобы ) және Global Hauling (грузин көлік компаниясы) қатысуда.
           Компания сондай-ақ аймақтағы басқа елдермен, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменстанмен арада тасымалдау географиясын кеңейте түспек.

  • 18 Қыркүйек 2013
  • 371
Фото - Caravan.kz