Қытай қызы 15 күн құдықта жатып аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай қызы 15 күн құдықта жатып аман қалды

Қытай қызы 15 күн құдықта жатып аман қалды

Қытай қызы 15 күн құдықта жатып аман қалды, деп хабарлайды Қытай БАҚ өкілдері. 38 жастағы Су Цисю 1 қыркүйекте Хэнань провинциясына қарасты Чжунфэн ауылындағы кеуіп қалған төрт метрлік құдыққа абайсызда құлап кеткен, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 348
Фото - Caravan.kz

Ол жүгері дәнімен жүрек жалғап, құдыққа аққан жаңбыр суын ішудің арқасында аман қалған, деп хабарлайды БиБиСи.

Қызды дүйсенбі күні өрт сөндірушілер шығарып алды, қазір дәрігердің қарауында ауруханада жатыр.

Құдықты биік өскен жүгері алқабы қоршап тұрған көзге байқалмайтын еді. Әйелдің туыстары ол жоғалып кеткеннен кейін-ақ дереу іздей бастаған, бірақ нәтиже шықпаған.

16 қыркүйек күні егістікте жұмыс істеп жүрген шаруа айғайлаған әйел адамның даусын естиді. Өрт сөндірушілерді де шақырған сол, делінген хабарламада.