Құрбылары буындырып өлтірген 9 жасар қыздың туыстары сотқа жүгінді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбылары буындырып өлтірген 9 жасар қыздың туыстары сотқа жүгінді

Құрбылары буындырып өлтірген 9 жасар қыздың туыстары сотқа жүгінді

Қарағандыда құрбылары буындырып өлтірген 9 жасар қыздың туыстары кінәлілерден моралды шығынды талап етіп, сотқа жүгінді. Олар үш отбасынан 15 миллион және мектептегі тәрбие ісіне дұрыс қарамаған білім бөлімінен 1 миллион теңге өндіріп алуды көздеп отыр.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 235
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге салсақ, жазда ауылдан ұзап шыққан бір топ қыздың арасында қуыршақ үшін кикілжің туған. Сөйтіп, 3 құрбы арасындағы 9 жасар Аняны күртешенің жеңімен буындырып өлтірген еді. Қылмыс ізі суымай ашылып, сот 11 жасар екі қызды арнайы жабық мектепке жіберсе, 10 жастағысы тек тәртібі нашар ретінде тіркеуге алынған болатын. Бірақ қыркүйекте 11 жасқа толуына байланысты іс қайта қаралып, соңғысы да сол арнайы мектепке ауыстырылған. Ал білім бөлімі өкілдері мен бесіктен белдері шықпай кісі өлтірген қыздардың ата-анасы моралдық шығынды өтеуге түбегейлі қарсы. Айтуларынша, баланың істеген қылығы үшін ата-ана мен мектеп жауапты емес.