Жат жұртқа кеткен балғындарды Бас прокуратура бақылаусыз қалдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жат жұртқа кеткен балғындарды Бас прокуратура бақылаусыз қалдырған

Жат жұртқа кеткен балғындарды Бас прокуратура бақылаусыз қалдырған

Сұрауы жоқ жетімдер! Мұхит асқан сәбилерді атқамінерлер бақылаусыз қалдырған. Ал бұл саладағы былықты қадағалап отыруы тиіс Бас прокуратура жат жұртқа кеткен балғындармен шаруасы жоқ. Бүгін Мәжіліс отырсында депутаттар шенеуніктердің жауапсыздығын қатыгездікке теңеді. Тіпті шетелге бала беруді тоқтату керек деп отыр.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 305
Фото - Caravan.kz


Соңғы айларда қазақ жерінен шекара асқан ұл мен қыздың қорлыққа ұшырауы жиілей бастады. Мәселен, америкалық өгей ата-ананың елімізден асырап алған екі жасөспіріммен жылдар бойы жыныстық қатынасқа түскені жақында әшкере болған. Бұл халықаралық жанжалға ұласқан оқиға басылмай жатып, АҚШ-та тағы бір масқара жәйттің беті ашылды. Америкалық отбасылар бауырына басқан балалары ұнамай қалса, ғаламтор арқылы басқа шаңыраққа ойланбастан өткізе салады екен. Тауар секілді қолдан қолға өткендердің арасында Қазақстаннан асырап алынған 4 жеткіншек барын айтқанбыз. Осыған шамданған депутаттар Бас прокуратура үнсіз отыра бермей, Білім министрлігінен бастап, жат жерге кеткен балғындар тіркеуге алынатын шетелдегі консулдықтардың жұмысын түгел тексеру керек деп күшке мініп отыр.