Тасбауыр әйел іштен шыққан сәбиін ауласына көміп тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тасбауыр әйел іштен шыққан сәбиін ауласына көміп тастаған

Тасбауыр әйел іштен шыққан сәбиін ауласына көміп тастаған

Көкшетауда қатыгез әйел өз ішінен шыққан сәбиді дорбаға салып, ауласында көміп тастаған. Шақалақ тірі әлде өлі туылды ма, ол жағын сараптама анықтауда.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 337
Фото - Caravan.kz


20 жастағы келіншек айы күні жеткен сәбиді түннің бір мезгілінде дәретханада босанған. Одан кейін ұл баланы қапшыққа салып, бақшада көміп тастапты. Тасбауыр әйел қансырап ауруханаға түспегенде, бұл жағдай жабулы күйінде қалар еді. Дәрігерлер оның «ауруы» неден болғанын түсініп, полицияға хабар берген. Енді шақалақ өлі туды ма, әлде безбүйрек анасы өлтірді ме, оны сараптама анықтайтын болады.