Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс көп - "Бәйтерек" ұлттық холдингі - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс көп - "Бәйтерек" ұлттық холдингі

Қазақстанда қазіргі кезде тұрғын үйге қажеттілік 23 млн шаршы метрді құрайды, деп «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басшысының орынбасары Алина Алдамберген мәлімдеді.
           «Жаңа тұрғын ғимараттар салу қарқыны артуына қарамастан, тұрғын үйге деген сұраныс тапшылығы сақталуда және бүгінгі таңда 23 млн шаршы метрді құрайды», - деп ол бүгін Астанада Қазақстанның тұрғын үй құрылысының жинақтау жүйесінің он жылдығына арналған халықаралық конференцияда атап көрсетті.
           А.Алдамберген атап өткендей, жылжымайтын мүлік тапшылығы үй бағасының қымбаттауына соқтырады, қазір ол жылына орташа есеппен 1,2%-ды құрайды.
           Қазақстанның тұрғын үй қоры 283 млн шаршы метрді құрайды, оның 87 млн шаршысы 1991 мен 2012 жылдар аралығында пайдалануға берілді, қалғаны жиырма жылдан асқан үйлер.
           Тұрғындардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші бірнеше жыл бойы өсімнің оң динамикасын көрсетіп отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда бір адамға орташа алғанда 18 шаршы метрден келеді.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 500
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда қазіргі кезде тұрғын үйге қажеттілік 23 млн шаршы метрді құрайды, деп «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ басшысының орынбасары Алина Алдамберген мәлімдеді.

           «Жаңа тұрғын ғимараттар салу қарқыны артуына қарамастан, тұрғын үйге деген сұраныс тапшылығы сақталуда және бүгінгі таңда 23 млн шаршы метрді құрайды», — деп ол бүгін Астанада Қазақстанның тұрғын үй құрылысының жинақтау жүйесінің он жылдығына арналған халықаралық конференцияда атап көрсетті.