2014 жылы табиғатты қорғау шараларына шамамен он миллиард теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы табиғатты қорғау шараларына шамамен он миллиард теңге бөлінді

2014 жылы табиғатты қорғау шараларына шамамен он миллиард теңге бөлінді

Атырау облысында Қашаған кен орнын компания-агенттермен бірлесе әзірлеген «Норт Каспиан Оперейтинг Компании» консорциумы келесі жылы табиғатты қорғау шараларына шамамен 10 млрд. теңге бағыттамақ.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 608
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Атырауда қоғамдық Атырау және Маңғыстау облыстарының 2014 жылдарға арналған табиғатты қорғау шараларын қарау қоғамдық тыңдауында мәлім болды.

Еске сала кетейік, Атырау облысындағы Қашаған кен орнында бірінші мұнай баррельдері ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде өндірілген болатын.

«А» аралында 8 бұрғылау ұңғымасы кезең-кезеңімен қайтадан іске қосылмақ. Бұл алғашқы сатыда тәулігіне 90 мың баррель мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Кейін тағы «Д» аралындағы 12 ұңғыма қосылады. Кен орнындағы өндіріс тәулігіне 180 мың баррельге жетпек. Екінші сатыда Қашағанды өңдеу, тәулігіне 370 мың беррель өндіріледі. Ол үшін қосымша бес шақырым 9 терең ұңғыма бұрғыламақ.

Қазіргі уақытта кен орнындағы өндіріс тәулігіне 40 мың баррельді құрап отыр. Болашақта Қашаған тәулігіне 1,5 млн баррель өндіре алады.