Қазақ мультфильмдері биыл жаңа кейіпкерлермен толықпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ мультфильмдері биыл жаңа кейіпкерлермен толықпақ

Қазақ мультфильмдері биыл жаңа кейіпкерлермен толықпақ

Алматыда Алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, Ер Тарғын туралы мультфильмдер түсіріліп жатыр. Бұл туралы бүгін Ғылым ордасында өтіп жатқан «Веб-сайттарды қазақ тілінде дамыту және мемлекеттік тілдің негізгі мәселелері» деген тақырыптағы дөңгелек үстел жиынында айтылды.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 846
Фото - Caravan.kz


«Соңғы жылдары 165 сериядан тұратын әрқайсысы 10 минуттан тұратын анимациялық фильмдерді шығардық. Мақсат — қазақша оқитын балаларға қазақша анимация беру. Биыл енді фольклор желісі бойынша Алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, Ер Тарғын туралы 4 анимациялық фильмдерді ұсынбақпыз», — дейді Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов. Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың   2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық басқарманың ұйымдастыруымен жүзеге асырып жатқан бұл шараға қызығушылар көп. Сондай-ақ бұған дейін қала балабақшаларына тегін таратылған «Сиқырлы қалам» жобасы енді республика аумағына таралмақ. Бір мезетте көруге, тыңдауға мүмкіндік беретін бұл әдістемелік құралға тіпті еларалық ғылыми-педагогикалық конференциялар кезінде қырғыз елінің педагоктары да ықылас танытқан болатын.

Перейти к новостям спорта