Қарағандыда жастар «Angry Assyk» бейнеойынын ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жастар «Angry Assyk» бейнеойынын ойлап тапты

Қарағандыда жастар «Angry Assyk» бейнеойынын ойлап тапты

Қарағандыда 13-15 қыркүйек күндері өткен «Atameken Startup» байқауы барысында жас стартаперлер менторлардың назарына «Angry Assyk» бейнеойынының жобасын ұсынды.  

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 508
Фото - Caravan.kz


«Angry Assyk» жобасының құрастырушылары хабарлағанындай, ойын flash технологиясы незігінде жасалмақ және App Store мен Google Play мобильді қондырғылары арқылы көшіріп алуға болады. Стартаперлердің айтуынша, жобаны жасауға 23,5 млн. теңге қажет.

Жастар арасында заманауи технологияларға негізделген кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Atameken Startup» Қазақстанның барлық қалаларында өтеді деп жоспарлануда. Жалпы Қарағанды қаласында 41 үміткердің ішінен 18 жоба финалға өткен. Бірінші орын бидайдың ылғалдығын өлшеу құрылғысын жасап шыққан жоба жеңіп алды. Екінші орын электр энергиясын үнемдейтін жарықтандыру жүйесіне бұйырды. Оның негізінде күн сәулесін талшықты оптикалық тарату жүйесімен жеткізу арқылы ғимараттың ішін жарықтандыруға болады. Үшінші орынды шудан электр энергиясын алатын қондырғыны ойлап тапқан жас стартаперлер жеңіп алды.