Х. Есенжанов пен Т. Жароковтың 105 жылдығына орай қос кітап жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Х. Есенжанов пен Т. Жароковтың 105 жылдығына орай қос кітап жарық көрді

Х. Есенжанов пен Т. Жароковтың 105 жылдығына орай қос кітап жарық көрді

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамза Есенжанов пен Тайыр Жароковтың биыл туғанына 105 жыл толып отыр. Осыған орай Оралдағы «Полиграфсервис» баспаханасынан «Аққу махаббат» және «Биікке самғайтын құс» атты қос кітап жарық көрді.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 1514
Фото - Caravan.kz


Кітапты тарихшылар, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушылары Сайлау және Дәметкен Сүлейменовтер құрастырды. «Аққу махаббатқа» Хамза Есенжанов туралы естеліктер мен өлеңдер топтастырылса, «Биікке самғайтын құста» Тайыр Жароков туралы сыр шертіледі. Қос жинаққа Серік Біләлов, Нұрлыбек Бірманов сынды азаматтар демеушілік еткен.

Кітап авторларының бірі Сайлау Сүлейменовтің айтуынша, биыл өңірде аталған тұлғалардың 105 жылдығына орай бірқатар шаралар ұйымдастырылмақшы. Дегенмен, оларды мәңгі есте қалдыру бағытында әлі де еңбектену қажет. Мәселен, Орал қаласында Х. Есенжанов атындағы көше қып-қысқа. Сондықтан оның есімін жаңа шағынаудандардағы үлкен көшелердің біріне берсе, орынды болар еді. Сол секілді қос қаламгердің атында мектеп, еңселі ескерткіштері де болғаны жөн.