«Достық» шекара заставасының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Достық» шекара заставасының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Достық» шекара заставасының бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті тергелудегі қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҰҚК Шекаралық қызмет 2020 әскери бөлімі «Достық» шекара заставасының бастығына қатысты қосымша қылмыстық іс қозғады.

  • 19 Қыркүйек 2013
  • 384
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы қаржы полициясының бапасөз қызметінен хабарлады.

Застава бастығы еліміздің Қылмыстық кодексінің 24 және 209-баптарында қарастырылған қылмысты, яғни экономикалық контрабанданы жүзеге асырғаны үшін айыпталуда.

Қаржы полицейлері осы жылдың ақпан айында ол бір топ адамдармен келіскен түрде кедендік күзет орнының айналма жолына 2,2 млн. теңге сома тұратын «Орифлейм» опа-далабы және иіссуі салынған үш қорапты алып өтуге тырысқан деп хабарлайды.