Бельгияның СІМ жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бельгияның СІМ жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды

Бельгияның СІМ жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды

Белгісіз хакерлер Бельгияның сыртқы істер министрлігінің желісіне шабуыл жасаған.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 250
Фото - Caravan.kz

СІМ жүйесіне хакерлердің кіруі сонау 2012 жылы орын алғандығы белгілі болды. Қылмыскерлер жүйеге зиянды бағдарламалар орналастырған. Вирус компьютерлер мен құрылымның жұмысын тоқтатпай, жүйедегі ақпараттардың көшірмесін жасап отырған.

Кейінірек СІМ мамандары Бельгияның қорғаныс министрлігінің сарапшыларымен біріге отырып жүйені вирустан тазартып, оған жоғары деңгейлі қорғану шараларын қамтамасыз етті.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Хакерлерді анықтау әлі де мүмкін болмай отыр.