Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында кей жерлерде тұман түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында кей жерлерде тұман түседі

Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында кей жерлерде тұман түседі

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфераның жоғары қысымы жағдайында күн ашық болады, республиканың батысында, солтүстік-шығысында және шығысында ғана атмосфералық ағындар өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. 

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 277
Фото - Caravan.kz


   Елдің солтүстіігі мен солтүстік-батысында кей жерлерде тұман түседі. Бұл туралы ҚР ТМЖ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.  Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел күшінің секундына 15-21 метрге дейін күшеюі күтіледі. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.  Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 Таяудағы тәуліктерде республиканың шығысындағы тау өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады.