Су түбінен ширек ғасыр бұрын жоғалып кеткен адамдардың мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су түбінен ширек ғасыр бұрын жоғалып кеткен адамдардың мәйіті табылды

Су түбінен ширек ғасыр бұрын жоғалып кеткен адамдардың мәйіті табылды

АҚШ-тың Оклахома штатындағы Фосс көлінен 6 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды  сайтынан.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 244
Фото - Caravan.kz


Олар осыдан 40-60 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен тұрғындардың денесі болуы мүмкін. Екі Chevrolet көлігін судың түбінде сынақ жүргізген сүңгуірлер анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 1969 жылы жасалған көліктің ішінен табылған 3 мәйіт 1970 жылы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 3 жасөспірімдікі болуы мүмкін. Ал екінші көліктен шыққан сүйектер 1950 жылдың аяғында хабар-ошарсыз кеткен адамдардың денесі деген болжам айтылуда. Сот-медициналық сараптама мамандары олардың туыстарының ДНҚ үлгілерін алып, қаза тапқандардың жеке басын анықтамақ. Бұл іс бірнеше жылға дейін уақыт кету ықтимал.