Қайырымды қайыршы 92 мың доллар жинады. ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайырымды қайыршы 92 мың доллар жинады. ВИДЕО

Қайырымды қайыршы 92 мың доллар жинады. ВИДЕО

АҚШ-та қайырымды қаңғыбас әп-сәтте дәулетті адамға айналды, деп хабарлайды 24.kz сайтынан.Глен Джеймс есімді қайыршы Бостондағы сауда орталығынан 41 мың АҚШ доллары бар сөмкені тауып алып, қыруар ақшаны полицияға өз қолымен тапсырған. Сөмкеден Қытай азаматының төлқұжаты шығып, сол бойынша иесі де табылады. Газеттен Джеймс туралы хабарды оқыған Вирджиния штатының тұрғыны оның атында қор құрады. Қайыршының адалдығына риза болған халық оған 3 күннің ішінде 92 мың АҚШ долларын жинап берген. Джеймс жиналған мол ақшаны қайда жұмсарын әлі білмейді. Ол әлі де болса, ескі әдетін тастай алмай, қайыр сұрап жүр.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 512
Фото - Caravan.kz


Қайырымды қайыршы қыруар қаржы жинады