Қолайсыз ауа райы кесірінен егін ору науқаны баяу жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қолайсыз ауа райы кесірінен егін ору науқаны баяу жүріп жатыр

Қолайсыз ауа райы кесірінен егін ору науқаны баяу жүріп жатыр

Елімізде егін ору науқаны ауа райының кесірінен баяу жүріп жатыр. Астықты өңірлердегі толассыз жауған жауын-шашын кесірінен бидай дымқылданып, сапасы нашарлаған. Бүгін Солтүстік Қазақстанға іссапармен келген еліміздің Ауыл шарушалығы министрі Асылжан Мамытбеков биылғы өнімді өзі тіске басып көрді. 

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 292
Фото - Caravan.kz

Теріскейдің шенділері министрді түсімділігі мен сапасы жоғары алқапқа апарды. Биыл еліміздің диқандары 16 миллион гектар жерге бидай сеуіп, 18 милллион тонна астық жинамақшы. Өткен жылғы көрсеткіш бұдан едәуір аз болатын. Егіннің түсімділігі шамамен гектарынан 12 пайыздан айналып жатыр. Элеваторлар мен астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы да жетерлік деп сендірді министр. Сондықтан былтырғыдай астық шіріп, ысырап болмауы тиіс. Қазір диқандарға қол байлау болып тұрғаны ауа-райы ғана.


Асылжан Мамытбеков, ҚР ауыл шаруашылығы министрі: 

— Ауа-райы кедергі келтіріп тұр. Диқандар ауа райын күтіп, осы жаңбырдың араларында жинап жатыр. Қазіргі уақытта фермердің шаруашылығында тұрмыз. 60 пайызын жинап қойған. Бір аптаның ішінде бітіремін деп отыр. Еліміз бойынша да тура осындай. Бүгінгі күні 59 пайыз жиналған.