Құлағы естімейтін сәбилерге жасалатын операцияға мораторий жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлағы естімейтін сәбилерге жасалатын операцияға мораторий жарияланды

Құлағы естімейтін сәбилерге жасалатын операцияға мораторий жарияланды

Елімізде саңырау балалардың саны күрт артуы мүмкін. Биылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі құлағы естімейтін сәбилерге жасалатын операцияға мораторий жариялады. Атқамінерлердің пайымынша, іштен мүгедек болып туғандарға шығындалу артық ысырап екен.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 482
Фото - Caravan.kz

Кохлеарлық имплантация – есту қабілетінен айырылған немесе іштей мүгедек болып туған балаларға жасалады. Бұрын бұл ота тек шетелдерде жүзеге асырылатын. Халықаралық әдіс осыдан 5 жыл бұрын бізге де жетіп, қазақтың 800 астам баласының құлағы ашылыпты. Алайда ем-домға жұмсалатын қаржыны ауырсынған Денсаулық сақтау министрлігі биылдан бастап протезге тыйым салып отыр.

Жасы 2-ге де толмаған Даниялдың өзге балардан еш айырмашылығы жоқ. Бүлдіршін көзіне түскен жылтырға қызығады, ойыншыққа құмар. Алайда ол айналадағы дыбысты естімейді, атын атап шақырсаң, мойнын да  бұрмайды.

Сәуле Бейсенбаева:

— Біздің де баламыздың дені сау, қатарымен тең болуға құқығы бар. Егер оның құлағына шұғыл операция жасалмаса, өмір бойы мүгедек болып қалуы мүмкін. Сонда елімізде кемтар туылған сәбилердің болашағы жоқ деген сөз бе? Олар осылайша қоғамға керексіз болып қала бермек пе?

Қоғам керексіз еткен елімізде 350 бала операцияға мұқтаж, кезек күтіп тұр. Егер, оларға дер кезінде ота жасалса, меңіреуліктен арылып, сөйлеп кетулеріне толық мүмкіндік бар.

Румия Салихова, сурдолог:

— Кохлеарлық имплантациядабүлдіршіннің жасына ерекше мән беріледі. Егер, адманың есту, сөйлеу қабілеті 5 жасқа дейін қалыптасатынын ескерсек, операцияны баланың 8 айлығынан 1 жарым жас аралығында жасаған дұрыс. Сондықтан уақытта жоғалтпауымыз тиіс.

Даниялға қарағанда 6 жасар Айшаның жолы болды. Мораторий жарияланбас бұрын есту қабілетін қалпына келтіретін протез салдыртып алды. Ота сәтті жасалып, қазір кішкентай қыздың 40 астам сөзге тілі келеді.


Айша секілді, басқа балғындарда бұл кең әлемді естігісі келеді. Бірақ ақшаны үнемдейміз деген денсаулық сақтау министрлігі протез салуға шектеу қойыпты. 

Жанар Әубәкірова:

— Ол дұрыс емес, мораторий жариялағаны. Өйткені, балаға 4 жасқа дейін кохлеарный имплантты  жасаса, кәдімгідей дұрыс еститін баладай болады. Оны уақытылы операция жасамаса, баламыз ертен мылқау болып қалады. 

Имплантация ақылы жасату үшін 30 мың АҚШ доллары қажет. Мұндай шығынды қалтамыз көтермейді, — дейді ата-аналар. Бүйректен сирақ шығарған шенеуніктер болса шешімдеріне қатысты жұмған ауыздарын ашпай отыр. Ал Есілдің сол жағалауындағы атқамінерлердің түсініксіз ісін  мына көзі жаутаңдаған балаларға ешкімнің түсіндіре алмайтыны анық.