Арқадағы ақбөкендер пастереллезден қырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арқадағы ақбөкендер пастереллезден қырылған

Арқадағы ақбөкендер пастереллезден қырылған

Бүгін сондай-ақ Арқадағы қырылған ақбөкендерге қатысты да тексеру қорытындысы шықты. Мамандар түз жануарлары пастереллезден қырылған дейді.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz


Топ-тобымен өлген киіктердің санын бұған дейін 493 деп жариялаған Қоршаған ортаны қорғау министрлігі енді олардың нақты саны 800 басқа жеткен деп отыр. Айта өтейік, осыдан екі апта бұрын Қарағанды мен Ақмола облыстарында 483 бас ақбөкеннің өлекселері табылған. Ветеринарлар киіктерге қандай індеттің келгенін анықтау үшін арнайы комиссия  құрған болатын. 80 шақырым жерде сұлап жатқан жануарлардың өлексесін жинауға ондаған техника мен 70-ке тарта адам жұмылдырылыпты. Ал жануарлардың етіне жасалған сараптама олардың пастереллезге шалдыққанын көрсеткен.