Екі ай жүргізілген тергеу қорытындылары бүгін жарияланғанымен, әзірге техникалық сараптама толық жасалып бітпепті. Айта кетсек, қайғылы оқиға орын алған күні Әуе қорғаныс институтының әдіскері Евгений Виссарионов пен 19 жастағы курсант Арман Массалиновке ұшақты басқаруды үйретуге шыққан. Тура Ақтөбе әуежайына жақындай бергенде әуе көлігі кенет құлдилап, бокстардың біріне соғылған-ды. Курсант катапультпен секірсе де онысы ашылмай, жан тапсырды. Ал инструктор ұшақтан шығып та үлгермей, өртеніп кеткен.