Оқиға түскі сағат 3 шамасында орын алды. Зардап шеккен Қарлығаш Байғазиева бір жасар ұлымен бірге көшеден қайтып келе жатып, тура есіктің алдында жатқан жарылғыш затты байқамай басып кеткен. Абырой болғанда велосипедте отырған бөбек дін аман. Ал, 22 жастағы анасын бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлерден біле алғанымыз келіншектің өкшесін жұлып кеткен. Полиция әзірге жауап беруден бас тартып отыр. Айта кетейік, бұл осы елді-мекенде соңғы 2 жылда тіркелген 5-ші жарылыс.
Бибісара Байғазиева, жәбірленушінің анасы:
— Мен былай есікті аштым, ол былай колясканы былай кіргізді. Былай кірді, бірден жарылды ғой.
– Қатты дауыс шықты ма?
– Қатты дауыс шықты. И шаң болып кетті. Ойбай мама аяғым деді. Қарасам уже өкшесі жоқ. Мынандай жері өкшесі жоқ. Аяқ киімінің табаны ана жақтан, біреуін мына жақтан тауып алдық қой жаңа.