М.Мәметова көшесінде орналасқан кәріз құдығын тазалау мақсатында түскен материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының қатардағы жауынгерлері Нұрсұлтан Абдолла, Берік Тілен және келісімшартпен жұмыс жасайтын Залмұқанов газдан уланған.
Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Қанат Беляковтың сөзіне қарағанда, олар қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Соған қарамастан, Н.Абдолла қаза тапса, қалған екеуі ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Қызылорда облысынан 2012 жылғы желтоқсанда шақырылған сарбаз Н.Абдолланың қызметінің аяқталуына үш ай ғана қалған екен.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.