Ақсу және Екібастұз өңірлерінің тұрғындарымен және шаруа қожалықтарының басшыларымен алғашқы кездесуді облыстың ІІД басшысы, әділет басқармасының генерал-майоры Сұлтан Құсетов өткізді.
Ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде әңгіме мал ұрлығы жайында өрбіді. Осы жылдың сегіз айында облыс аумағында 293 ұрлық тіркелген екен. Полицейлердің қолға алған шараларының нәтижесінде бір жарым мыңнан астам мал өз иелеріне қайтарылды.