Астанада онкогематологияның заманауи бөлімшесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада онкогематологияның заманауи бөлімшесі ашылады

Астанада онкогематологияның заманауи бөлімшесі ашылады

Бүгін Астанадағы «Думан» қонақ үйінде онкогематология және сүйек кемігі трансплантациясы бойынша Еуропалық конгресс ресми түрде ашылды. Аталған шара Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 467
Фото - Caravan.kz

Конгресс жұмысына Түркия, АҚШ, Израиль, Еуропа және ТМД елдерінің жетекші мамандары қатысуда. Екі күндік мәжіліс кезінде олар қанның онкогематологиялық аурулар мәселесін жан-жақты талқылап, балалардың сүйек майын ауыстыру жайын пысықтайды. «Аталған симпозиум Қазақстандағы гематология, онкология, сүйек кемігі трансплантациясы және иммунотерапияның дамуына өз септігін тигізіп, көп жақты кәсіби әрі достық байланыстардың күшейтеді деп сенеміз», — деді конгрестің ашылу рәсімінде Мәжіліс депутаты Надежда Петухова.


Айта кетейік, конгрестің соңғы күні — 22 қыркүйекте Астанадағы Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында онкогематологияның заманауи бөлімшесі ашылады.