Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс-шара ПМПИ-дің тәрбие жұмысы және жастар саясаты ҚР Дін істері жөніндегі агенттігімен бірлесіп өткізді. Семинар жұмысына ЖОО студенттері мен оқытушылары, Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Айнұр Әбдірәсілқызы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Зәуреш Қуандыққызы Сабырова, Ақ мешіттің бас имамы Жолдас қажы қатысты.
Шара барысында қазақ мәдениеті, әйелдерге хиджаб кигізу, исламдағы әйел, ананың орны, қазақ қызы — ел болашағы және тағы да басқа тақырыптар қозғалды.
Суреттің авторы: Bota Ayashinova