Қ. Көшербаев: Қызылорда облысы экономикасының құрылымына көңілім толмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ. Көшербаев: Қызылорда облысы экономикасының құрылымына көңілім толмайды

Қ. Көшербаев: Қызылорда облысы экономикасының құрылымына көңілім толмайды

Қызылорда облысы экономикасының құрылымына көңілім толмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев айтты.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 326
Фото - Caravan.kz

«Бізге кәсіпорындар ашу керек. Облысымыздың экономикасының құрылымына көңіліміз толмайды. Елбасымыздың бірден-бір берген тапсырмасы да осында жатыр», — деді өңір басшысы.

Қ.Көшербаевтың атап өтуіне қарағанда, бүгінде облыс экономикасының 93,4 пайыз тек мұнай мен уранға ғана тәуелді болып отыр. Ал мұндайға тәуелділікпен экономиканы дамыту мүмкін емес.

«Сондықтан өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жаңа тұрақты кәсіпорындар ашуымыз керек»,- деді ол.